Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлады.
Бұл бағдарламаға келесі тұрғындар қатыса алады:
жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
жасына байланысты зейнеткерлер;
жетім балалар;
қандас;
экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасы.
Бағдарлама бойынша пәтерлердің жалпы саны – 100. Оның ішінде 30 пәтер «Жетім балалар» санатына ғана арналған. Ай сайынғы жалдау ақысы - 5 000-нан 15 000 теңге аралығында болады. Өтінімдер 2021 жылдың 1 мен 8 маусым аралығында электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады.
Бағдарламаға «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады.