Шымкентте мемлекеттік емхана басшылығы ондаған қызметкерді ескертусіз басқа жұмысқа ауыстырып жіберген

Шымкентте мемлекеттік емхана басшылығы ондаған қызметкерді ескертусіз басқа жұмысқа ауыстырып жіберген

Шымкенттегі емханалардың бірінің бір топ қызметкері басшылықтан: «жұмыстан боссыңдар» деген хабарлама алған. Мемлекеттік емхана ұжымының біраз бөлігін жекеменшік мекемеге ауыстырылатыны кеш ескертілген деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Қызылжар шағын ауданындағы №9 емханада ұзын саны 60 адам «күніміз не болмақ» деп сары уайымға салынды. Емханадағылар 25 мамыр күні шыққан қаулы бізге бүгін ғана жария болды десіп шуласты. Яғни, басшылық оларды жекеменшік емханаға ауыстырып жіберген. Мамандар болса жекенің қолында жұмыс істеуге үзілді-кесілді қарсы.

«Бізден рұқсат сұрамай медикалық орталыққа ауыстырып жатыр. Жекеменшік емхана болғаннан кейін ол бізге мемлекеттік статус бермейді. Екіншіден, ол жерде бізді ертең жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін», - дейді дәрігер Гүлзар Атажанова.

Ал, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов болса, бұл ұжым отырған ғимарат ескі екенін, тіпті құрал-жабдықтары да түгел емес екенін дәйек қылды. Жақын маңнан заманауи емхана салынғалы жатқанын, емхана қызметкерлерін сонда ауыстыруды жоспарлап отырғандарын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...