Жолайрық құрылысының жұмысы қарқынды жүруде

Жолайрық құрылысының жұмысы қарқынды жүруде

Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы аталған нысанға бақылау жүргізіп қайтты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі таңда аталған нысанда су (1,92 шақырым), газ құбырларының (1,82 шақырым), электр (1,2 шақырым) және байланыс сымдарының (0,6 шақырым) орнын ауыстыру, тіреу қабырғаларын құю (600 м), уақытша электр бағаналарын орнату (7 дана), жер ( 95 000 м3) және т.б., жұмыстары орындалды.

Маусым айында жер асты өткелінің жер жұмыстары, қада құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілуде.

Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысына ашу биыл қыркүйек айының 1-не дейін, ал Рықұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін 1 қарашаға дейін ашу жоспарлануда.

Жалпы жолайрық құрылысын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітетін және медициналық...