Мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады.
Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.