Алматыда 3х3 World Tour Almaty-2024 турниріне қатысатын бірінші Қазақстандық команда анықталды

Алматыда 3х3 World Tour Almaty-2024 турниріне қатысатын бірінші Қазақстандық команда анықталды

Алматыда 3х3 баскетболдан Road to Wild Card WT Almaty-2024 ашық турнирі аяқталды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған бәсекеде FIBA-ның 3х3 World Tour Almaty беделді турниріне қатысатын команда анықталды. 

Финалда Astana team мен атыраулық Western wolves кездесіп, овертаймда «қасқырлар»  әлемдік жарысқа жолдама алды. 

Осылайша, Western wolves 3х3 баскетболдан World Tour Almaty-2024  турнирінің негізгі бөлігінде сынға түсетін алғашқы қазақстандық команда атанды. 

Айта кетелік, 3х3 баскетболдан World Tour санатындағы турнир Алматыда алғаш рет, 13-14 шілде күндері Абай даңғылындағы Республика сарайының алаңында өтеді. Турнирге 12 халықаралық құрама қатысады, оның ішінде Қазақстаннан үш команда бар. 

World Tour Almaty-2024 турнирін ұйымдастырушылар Алматы қаласының әкімдігі мен 3х3 Pilot Sports промоутері. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...