Саблямен семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионатының қола медаліне таласады

Саблямен семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионатының қола медаліне таласады

Кувейтте өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында саблямен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы турнир барысында Өзбекстан және Жапония құрамаларын жеңіп, жартылай финалға өтті. Финал жолдамасы үшін таласта біздің команда Иран құрамасымен кездесіп, жеңіліс тапты.

Қола медаль үшін қазақстандықтан Гонконг командасына қарсы шығады. 

Аталған турнирде Қазақстан намысын Артем Саркасян, Саттархан Назарбай, Жанат Нәбиев, Бақдәулет Құралбекұлы қорғап жатыр. 

Айта кетелік, шпагадан жекелей сында Ерлік Сертай Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Бұл оның ересектер арасында иеленген тұңғыш медалі. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...