Иорданияның Хашимит қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U17 және U23 Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері ел қоржынын бірнеше медальмен толтырды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Едіге Қасымбек екі дүркін Азия чемпион атанды. Ол финалда Қытай балуанынан басым түсті. Бекасыл Асамбек күміс, Бекзат Амангелді қола жүлдегер атанды.
Бұған дейін еркін күрес шеберлері үш қоламен көзге түскен болатын.
Команданы даңқты балуан Дәулет Ниязбеков жаттықтырады.