Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола  жүлдегері атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

66 келі салмақта белдескен Ғұсман кіші финалда сербиялық Страхинья Бунчичті «ваззари» ұпайымен жеңді. 

Осылайша, ол өз мансабындағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізіп, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. 

Бұл Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы жеңіп алған үшінші медаль. 

Кеше Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Александра Ле мен Ислам Сәтпаев нысана көздеуден қола жүлде жеңіп алды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...