Қауіпсіздік басты назарда

Қауіпсіздік басты назарда

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Тау шатқалындағы қауіпсіздік және суда шомылу ержелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семинарға қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, «Альпенизм және спорттық туризм федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері мен гид-экскурсоводтар арнайы қатысты.

Аталған шара - белсенді туризм барысында оқыс оқиағалардың алдын-алу, қауіпсіздік жұмыстарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Тренинг барысында төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы көмек мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, саяхаттаудың барлық ережелерді атап айтқанда, тау шатқалындағы соқпақтарға төтеп беру, саяхатқа шықпас бұрынғы маңызды қадамдар, суға шомылудағы қауіпсіздік ережелері, саяхат барысындағы толық қажеттіліктер мен жарақтар туралы кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараға қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, туындаған сауалдарына жауап алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаңартылған Конституция мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құндылықтарды жаңа мазмұнмен толықтырып, қоғамдық өмірдің барлық саласына ортақ әділдік,...