Астанада «Esirtkisiz Qazaqstan» жобасының қорытындысы шығарылды

Астанада «Esirtkisiz Qazaqstan» жобасының қорытындысы шығарылды

Астанада нашақорлықтың алдын алу және есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған «Esti Bol Qory 2026: деректерден шешімдерге» атты сараптамалық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сарапшылар қауымының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының 80-нен астам өкілі қатысты.

Кездесуде «Esirtkisiz Qazaqstan» жобасы аясында 2025-2026 жылдары атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Қатысушылар өңірлерде жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижелерін, мониторинг деректерін және өткізілген іс-шаралардың тиімділік көрсеткіштерін қарастырды.

Сондай-ақ жастар арасындағы нашақорлықтың қазіргі таралу үрдістері, қауіп факторлары мен оның алдын алудың қолданыстағы тетіктерінің тиімділігі қамтылған кешенді талдамалық шолу таныстырылды.

Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, алдын алудың тиімді әдістерін енгізу, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға арналған ұсынымдар әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар алдын алу жұмыстарын одан әрі дамыту және есірткінің таралуына қарсы шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Іс-шараны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Esti Bol Qory» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Табиғат бейімделу инфрақұрылымы...

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті ауылдық елді мекендердің ауыз сумен қамтылуын жақсарту мақсатында топтық су...