Шымкентте рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Шымкентте рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Шымкент қаласында карантин талаптарын сақтау бойынша аудан аумақтарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Абай ауданы бойынша мобильдік топ 38 нысанды аралады. Аудан әкімі аппаратының және жергілікті полиция қызметкерлері, №13 емхананың қызметкерлері сауда нысандарына тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рейд барысында 6 нысанда мерекелік іс-шаралар өтіп жатқандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аудан әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандырмақ. Қала тұрғындарын карантиндік талаптарды сақтап, жауапкершілікті сезінуге шақырамыз.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркия, Қытай Халық Республикасы, Әзербайжан, Корея Республикасы, Жапония, Тәжікстан,...

Мемлекет басшысының Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысушыларға құттықтауы, деп хабарлайды ...