“Бозарық-3” шағынауданы көгілдір отынмен қамтылды

“Бозарық-3” шағынауданы көгілдір отынмен қамтылды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданында жергілікті тұрғындармен және «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығымен бірге “Бозарық-3” шағынауданына табиғи газ қосу шарасына қатысты. Бұл шара шамамен 700 тұрғын үйдің табиғи газға қосылуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Мегаполис басшысы тұрғындарды құттықтап, шағынауданды газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті.

“Тұрғын алабын газдандыру – Шымкент қаласы халқын табиғи газбен қамтамасыз ету туралы ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болатын. Бұдан бөлек желтоқсан айында мұнда ауызсу мен электр энергиясымен қамту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз”, – деді Ғ. Сыздықбеков.

Айта кетейік, биыл күзде “Қайнарбұлақ-1”, “Қаратөбе” және “Бозарық-2” тұрғын алаптарының тұрғындары да табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жыл соңына дейін “Қайнарбұлақ-2”, “Қайтпас-1”, “Ынтымақ”, “Тассай” және “Еламан” шағынаудандарына да газ жеткізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2026...

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті,...