Қазақстан мен Hyundai Motor Group ақылды қалалар мен жасанды интеллект салаларында ынтымақтастық орнатуға келісті

Қазақстан мен Hyundai Motor Group ақылды қалалар мен жасанды интеллект салаларында ынтымақтастық орнатуға келісті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті, Болашақ стратегиясы департаментінің басшысы Хогын Чон (Hokeun Chung) бастаған делегациямен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша Министрлік пен Hyundai Motor Company арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту аясында, оның ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы қыркүйекте Корея Республикасына жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша өтті.

Келіссөздер барысында тараптар қалаларды цифрлық трансформациялау, жасанды интеллектті, робототехниканы және физикалық жасанды интеллект (Physical AI) технологияларын енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Интеллектуалды көлік жүйелерін дамытуға, қалалық көлік қозғалысын басқаруға, сұранысқа негізделген мобильділік сервистеріне, роботтандырылған жеткізу қызметтеріне, ақылды автотұрақтар мен зарядтау инфрақұрылымына ерекше назар аударылды.

Бірлескен пилоттық жобаларды іске асыруға арналған болашағы жоғары алаңдар ретінде Алматы және Алатау қалалары қарастырылуда. Тараптар заманауи технологиялық шешімдерді енгізу, оларды қолданыстағы қалалық цифрлық жүйелермен интеграциялау және интеллектуалды қалалық инфрақұрылымды қалыптастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Қол қойылған меморандум тәжірибе және технологиялық құзыреттер алмасуды, пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін бірлесіп зерделеуді, кәсіби құзыреттерді дамытуды, сондай-ақ алдағы өзара іс-қимылды үйлестіру үшін бірлескен жұмыс тобын құруды көздейді.

Ынтымақтастық қалаларды басқару саласында озық технологияларды іс жүзінде қолдануға, көлік және қалалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінде кейіннен ауқымын кеңейтуге әлеуеті бар инновациялық шешімдерді дамытуға бағытталған.

Нақты жобалар мен оларды іске асыру шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптармен қосымша айқындалатын болады.

Анықтама: Hyundai Motor Group – құрамына Hyundai Motor Company және Kia кіретін жаһандық компаниялар тобы. Топ автомобиль жасау, автокомпоненттер өндірісі, құрылыс, логистика және басқа да салаларда жұмыс істейді. Сонымен қатар болашақ мобильділігі, робототехника, жасанды интеллект және ақылды қалалар бағыттарын дамытады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2026...

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті,...