Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футбол академиясын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футбол академиясын аралап көрді

Ақтөбе қаласы

Президент Ақтөбе қаласындағы «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған. Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.

Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2026...

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті,...