Шымкент қалалық №2 ауруханасында 50-ден астам шетелдік азаматтарға нейрохирургиялық ота жасалған

Шымкент қалалық №2 ауруханасында 50-ден астам шетелдік азаматтарға нейрохирургиялық ота жасалған

Шымкентте шетелдік науқасқа күрделі оталардың бірі жасалып, бас миынан 6 см ісік алынды. Тәжікістаннан арнайы ем іздеп келген 18-жасар науқасты бас ауруы көптен бері мазалап жүрген. Ал соңғы жылдары дерт тіптен асқынып, шыдатпайтын халге жеткен. Мидан алынған ісіктің көлемі үлкен болғандықтан, ота кезіндегі қауіп те басым болған. Ақ халаттылардың айтуынша, мұндай ауру сирек кездеседі, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазіргі таңда науқастын жағдайы бір қалыпты. Есін біледі, сөйлейді. Жақсы өзгерістер болып жатқаны байқалуда. Енді Алла жазса келесі сейсенбі науқасты өз отаны Тәжікістанға жіберу алдағы мақсатымыз. Ары қарай ол науқасқа Тәжікістанда, я болмаса осы Шымкент қаласында өздерінің қалауларына байланысты ары қарай реалибитациялық көмек қажет болады», - дейді нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Құлмырзаев

Соңғы кездері елімізге ем іздеп келетін шетелдіктер саны артқан. Науқастар арасында нейро және кардиохирургия, перинаталды медицина, нейрология, ортопедия, стоматология саласына сұраныс жоғары дейді дәрігерлер.

«Қазіргі таңда Шымкент қалалық №2 ауруханасында біз медициналық туризімді өте белсенді түрде дамытып келе жатырмыз. Соның жақын көрінісі ретінде нейрохирургиялық операциялар, нейрохирургиялық диагностикалар. Мысалы ретінде біздің ауруханада былтырғы жылы Молдова, Швецариядан, Тәжікістаннан, Өзбекстаннан көптеген науқастар келіп диагностикадан өтіп, біздің дәрігерлер операцияларын жасап отыр», дейді Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов.

Айта кетейік, елімізде соның ішінде Шымкент қаласында шет елден ем іздеп келіп, дертінен айығып кеткен азаматтардың қатары көбейген. Дәрігерлер мұны медицина сапасының жақсаруымен және қызмет көрсету жағындағы бәсекелестіктің мықты болуымен байланыстырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...