Құрылтай депутаттары Үкімет ұсынған онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша заң жобаларын, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттар цифрлық платформалардың жауапкершілігін күшейтуге, балаларды қорғауға және медиа саланы жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Заң жобаларын мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев таныстырды. Ұсынылған өзгерістер төрт негізгі бағытты қарастырады:
«Біздің міндетіміз – мемлекеттің ірі онлайн-платформалармен өзара іс-қимылының пәрменді тетігін қалыптастыру, мұнда заңнаманы сақтау сөз жүзіндегі талап емес, олардың ел аумағындағы қызметінің міндетті шарты болады. Ұсынылған нормалар құқыққа қайшы контентке қарсы іс-қимылға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың, ең алдымен балалардың құқықтарын қорғауға, ақпараттық кеңістіктің ашықтығын қамтамасыз етуге және жауапты цифрлық ортаны қалыптастыруға бағытталған», — деп атап өтті Арман Қырықбаев.
Сонымен қатар, Құрылтай депутаттары екінші оқылымда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын, сондай-ақ бірінші оқылымда Сингапурмен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттермен цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларын қарап, мақұлдады.


