Грузияның Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапары барысында теміржол тасымалы саласындағы цифрлық шешімдермен танысты

Грузияның Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапары барысында теміржол тасымалы саласындағы цифрлық шешімдермен танысты

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кеңсесінде болды, онда грузиялық делегацияға Қазақстанда теміржол саласында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер ұсынылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

ҚТЖ кеңсесін аралау барысында Грузия Премьер-министрі «Бірыңғай цифрлық терезе» қосымшасының және теміржол көлігіндегі «ақылды» жүйенің жұмысымен танысты. Бұл инновациялық шешімдер рәсімдерді жеңілдетуге, жүк тасымалдау уақытын қысқартуға және теміржол логистикасы саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Грузия темір жолы» АҚ арасында екі елдің транзиттік ағындары мен экономикасын жандандыруға ықпал ететін серіктестік орнаған. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағытының мультимодальды қызметін дамыту мақсатында құрылған Middle Corridor Multimodal Ltd. бірлескен кәсіпорны аясында ынтымақтастық орнатылды.

Тараптар порттар мен терминалдардың әлеуетін аша отырып, қолда бар көлік-логистикалық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жүк тасымалы көлемін арттыру жұмысын жандандыру ниетін растады.

Анықтама: 2024 жылы Қазақстаннан Грузияға экспорт 34%-ға, Қазақстан арқылы транзит 2023 жылмен салыстырғанда 40%-ға өсті. 2024 жылы екі ел арасындағы тасымалдау көлемі 4,7 млн тоннаны құрады. Жалпы, соңғы 4 жылда Қазақстан – Грузия бағыты бойынша жүк тасымалы 9 есеге, ТХКБ бойынша – 6 есеге өсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...