Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы комиссары көмекшісінің орынбасары Аарон Митчеллмен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар авиациялық және шекаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі де қаралды.
Сонымен қатар жолаушылар мен жүк ағындарын алдын ала талдаудың озық тәжірибелерін қолдану, тексеру рәсімдерін жетілдіру және әуежайлардағы логистикалық процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.


