Активтерді қайтару: Жетісу облысы Көксай ауылында жаңа мектеп салынады

Активтерді қайтару: Жетісу облысы Көксай ауылында жаңа мектеп салынады

Үкімет Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда елді мекенде жалғыз мектеп жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала білім алуда. Сонымен қатар білім ошағында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі және мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала тұрады. 

Бүгінгі таңда Үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға Арнайы мемлекеттік қордан 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық көмек көрсету стансасы бар. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілері есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынуда.

Жұмыс жалғасуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...