Түркістан: Жер телімінде заңсыз ор қазған азаматтардың жерлері мемлекет меншігіне қайтарылады

Түркістан: Жер телімінде заңсыз ор қазған азаматтардың жерлері мемлекет меншігіне қайтарылады

Түркістан облысында 2023-2024 жылдар аралығында жер телімінде заңсыз ор қазған 17 азаматқа 1 651 875 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 1 614 955 теңгесі өндірілді. Одан бөлек, 36 920 теңге мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында сот орындаушыларға жіберілді. Сондай-ақ, заңбұзушылықты жою жөніндегі 17 нұсқама табысталды. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушы Жамбыл Сапарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Айта кету керек, шаруалар өз жерлеріне мал-жануарлар кірмеуі үшін жер заңнамасының талабын бұзып, белгіленген жер телімдерін айналдыра қазып тастайды. Қазіргі таңда осындай заңсыздыққа жол берген 6 азаматтың ісі сотта қаралуда. 2024 жылы 3 000 гектар жер заңсыз қазылған. Бұл жағдай облысымыздың 32 аймағында орын алып отыр. Облыс азаматтарына ескертетін жайт - заң жүзінде берілген жер телімін заңсыз пайдаланған адамдардың жерлері толықтай мемлекет меншігіне қайтарылады» - деді сала басшысы

Сондай-ақ «Tasbaqa» табиғатты қорғау қорының өкілі Ғани Назарбек заңсыз траншеялардың табиғатқа тигізер кері әсерлері туралы баяндады.

«Жалпы заңсыз траншеяларды қазу мәселесі облысымызда 2019 жылы басталған болатын. Көктем мезгілі басталуымен бүкіл аймақта табиғат оянатыны белгілі. Жеке тәжірибемде көптеген төрт түліктің қазылған орларға құлап мерт болғанын көрдім. Қазіргі таңда жер иелеріне өзіне тиесілі аумақты қазу арқылы емес, темір сымдармен қоршау арқылы қорғану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде» - деді табиғат жанашыры

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы...

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау мәселелері...

Қазақстанда медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл қарапайым бинттер мен шприцтерден...

Түркістан қаласының экономикалық дамуы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолайлы жағдай қалыптастырумен тығыз байланысты. Шағын және орта бизнес...