Түркістан: Жұмысшы мамандықтар жылында колледж студенттері зауытта іс-тәжірибен өтіп жатыр

Түркістан: Жұмысшы мамандықтар жылында колледж студенттері зауытта іс-тәжірибен өтіп жатыр

Елімізде 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған болатын, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға негізделген.

Осы ретте Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студентері үш жақты келісім бойынша кәсіптік тәжірибелерін «Turkestan Textile» ЖШС мекемесінде өткізуде.

Серіктестік директоры Әлішер Абултаев оқу орны мен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық жалғасатындығын жеткізді.

Бүгінде еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальды оқытудың енгізілуі - маман даярлау үшін маңызды болып отыр. Студент қатарында жүріп өзін жұмыс орнында сынақтан өткізу арқылы болашақ мамандар өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...