Астанада Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары талқыланды

Астанада Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары талқыланды

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шарада Үкімет қаулысымен қабылданған 2025 жылы Жеңістің 80 жылдығына дайындалу және оны мерекелеу бойынша «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты республикалық іс-шаралар жоспарын бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Отырысқа ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты. Ол қатысушыларды Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге байланысты атқарылатын идеологиялық жұмыс туралы хабардар етті.

Министрлік жыл сайын ардагерлер ұйымымен бірлесіп ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, тарихқа құрметпен қарауға, патриоттық сезім мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізуде.

Айта кетейік, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру аясында өңірлерде 260 мыңнан астам жасты қамтитын 9 мыңға жуық ұйым қызмет етеді. Өткен жылдың өзінде 2 млн-нан астам бала мен жас қатысқан 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...