Түркістан: Шардарада барлық ауыл округтерді қамтыған эко-марафон өтті

Түркістан: Шардарада барлық ауыл округтерді қамтыған эко-марафон өтті
Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен өңірдің санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды тазарту және адамдарды табиғатты қорғауға шақыру мақсатында Эко-марафон басталған болатын, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Шараны аудан басшысы Арман Қарсыбаев пен ерікті жастар аудан орталығынан бастап, саябақтарды қоқыстан тазартты. Тазалық шарасында Шардара ауданының жастары “Біз табиғатты қорғауды өзімізден бастайық, табиғатты аялау – біздің міндетіміз” деген ұранмен бастап, марафон барлық ауылдық округтерге жолданды. Нәтижесінде аудандағы 10 ауылдық округте жалғасын тапты. Жалпы 11 күнге созылған шара бүгін Достық ауылдық округінде қорытындыланды. Оған ауданның барлық ерікті жастары мен тұрғындар атсалысты.
Жалпы Эко-марафонға қала, ауыл округтерден 1000-нан астам ерікті жастар қатысып, 14 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, 18 шықырым ирригациялық жүйелер, 21 шақырым аяқжолдар, 50 шақырымнан астам көше бойлары тазаланып, 76 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Шардара ауданында жүзеге асып жатқан тазалық шарасы жыл бойы жүйелі түрде жалғаспақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы...

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау мәселелері...

Қазақстанда медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл қарапайым бинттер мен шприцтерден...

Түркістан қаласының экономикалық дамуы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолайлы жағдай қалыптастырумен тығыз байланысты. Шағын және орта бизнес...