Қазақстан Мен Қытайдың спорт саласындағы басшылары харбинде кездесті

Қазақстан Мен Қытайдың спорт саласындағы басшылары харбинде кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Бас мемлекеттік дене шынықтыру және спорт басқармасының министрі, Қытай Олимпиадалық комитетінің президенті және Халықаралық ушу федерациясының басшысы Гао Чжиданмен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Харбин-2025 қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ресми қабылдауы аясында өтті.

Тараптар екі ел арасындағы спортты дамыту саласындағы ынтымақтастық үшін өзара алғыс білдіріп, оны одан әрі нығайтуға ниетті екендерін мәлімдеді.

Қазақстандық делегация Қытай өкілдеріне қонақжайлылық үшін ризашылығын білдіріп, ашылу рәсіміне шақырғаны және Азия ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

«Мұндай ауқымды кешенді жарыстарды өткізу әрдайым үлкен жауапкершілікті талап етеді. Харбин-2025 қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушыларына қонақжайлылығы мен үйлесімді жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз. Біз ойындардың басынан бері осындамыз және ұйымдастыру комитетінің өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен орындап жатқанын көріп отырмыз. Мұны логистикалық қамтамасыз етуден бастап, техникалық қолдау деңгейі мен еріктілердің үйлесімді әрекеттерінен анық байқауға болады», – деді Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік, IX қысқы Азия ойындары-2025 Харбинде 7-14 ақпан аралығында өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында тоғыз жүлде бар: бір алтын, бес күміс және үш қола медаль.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы...

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау мәселелері...

Қазақстанда медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл қарапайым бинттер мен шприцтерден...

Түркістан қаласының экономикалық дамуы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолайлы жағдай қалыптастырумен тығыз байланысты. Шағын және орта бизнес...