Түркістанның ұстанымы - татулық пен конфессияаралық келісім

Түркістанның ұстанымы - татулық пен конфессияаралық келісім

Бүгін Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен шаһардағы зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен «Түркістанның ұстанымы - татулық пен конфессияаралық келісім» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жиын барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

«Түркістанның ұстанымы – ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім» кездесуінің басты міндеті елдегі бірлік пен тыныштықты сақтау. Қоғамдағы өзекті мәселелерді саралап, олардың алдын-алу, түйіткілді мәселелердің шешілуі бойынша тұрақты түрде кеңес өткізіп, жүйелі жұмыс жүргізу.

​Біз – көпұлтты қоғамбыз. Және де ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс.

Түркістан қаласы - рухани, киелі орта, бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан мекен. Соған лайық болуымыз керек» - деп атап өтті Әзімбек Пазылбекұлы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...