Шымкентте «Дәстүр – ұлт ұстыны» байқауы өтті

Шымкентте «Дәстүр – ұлт ұстыны» байқауы өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүр – ұлт ұстыны» атты этнос өкілдері арасындағы байқау өтті. Іс-шара қазақ жеріндегі түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Байқау барысында қатысушылар өз ұлтының болмысын танытып, ұлттық би мен әндерін орындап, сахналық қойылымдар қойды. Сонымен қатар, қолөнер ерекшеліктерін көрсетіп, халықтық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық бірлікті нығайтып, әр халықтың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Байқау төрт кезеңнен тұрды:
? Ұлттық аспаптармен дәстүрлі ән орындау
? «Салт-дәстүрім – таусылмайтын қазынам» атты сахналық қойылым
? «Ою – ұлт өнерінің айнасы» тақырыбындағы қолөнер таныстырылымы
? Салт-дәстүрге қатысты викториналық сұрақтарға жауап беру

Қазылар алқасының шешімі бойынша:
«Бірлік рухы» командасы – Бас жүлде
Татар-башқұрт мәдени бірлестігі – II орын
Славян этнос өкілдері командасы – III орын

Сонымен қатар, корей этнос бірлестігі «Үздік орындаушы» номинациясын иеленсе, өзбек ұлтының командасы «Ұлттық киім» аталымында үздік деп танылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда жоғары оқу орындарының проректорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда...

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...