Шымкенттегі өндірістік аймақтар толық жүктелімде

Шымкенттегі өндірістік аймақтар толық жүктелімде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биылғы І жартыжылдықта қала экономикасының дамуы байқалатынын айтқан қала әкімі экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі Президент тапсырмасы өз нәтижесін беріп жатқанын атап өтті.

«Қаланың базалық секторларында өсім динамикасы бар. Бұл халықтың әл-ауқат жағдайына оң ықпал тигізеді. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауыңызда азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, қолайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатынсыз. Бұл бағытта, қаланың 5 жылдық даму жоспары бекітіліп, негізгі басымдықтары айқындалды. Бірінші басымдық, ол кәсіпкерлік және өнеркәсіпті қолдау»,-деді М.Әйтенов.

Әкімнің айтуынша, қаладағы үш өндірістік аймақта 7 690 жұмыс орнымен 110 кәсіпорын ашылған. Биыл 1,8 млрд. теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асып отыр. Ал, жыл соңына дейін 38 млрд. теңгеге 754 жұмыс орнымен 13 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда өндірістік аймақтар 100 пайызға толған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...