Шымкентте терең өңдеу өнеркәсібі қарқын алады

Шымкентте терең өңдеу өнеркәсібі қарқын алады

Шымкент қаласының экономикасын арттыру мақсатында және қалада жұмыс істеп тұрған өндірістік аймақтар 100 пайызға толуының негізінде, мегаполисте тағы төрт аймақ ашу жоспарлануда. Бұл туралы Мұрат Әйтенов Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның біріншісі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазір инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны 200 млрд. теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорындар ашылады. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде 100 млрд. теңгеге 25 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес биыл 10 жобаның құрылысы басталады.

Екіншісі – ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Мұнда құны 23 млрд.теңгені құрайтын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады. Үшіншісі – 136 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері аймағы. Мұнда 30 млрд.теңгеге 2 мың жұмыс орнымен 20 жоба іске асады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында шағын және орта бизнестің жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға көбейтуді тапсырған болатын.

Қала әкімі осы мақсатта Шымкент қаласында төртінші «Стандарт» жеке индустриалды аймағы ашылатынын жеткізді. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылады. Аймақта 180 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылады,-деп атап өтті қала әкімі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...