«Тұран» шағынауданында 13 көшенің құрылысы қарқынды жүргізілуде

«Тұран» шағынауданында 13 көшенің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі «Тұран» шағынауданында №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары да енгізілген.

2021 жылдың соңына дейін № 1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Мәселен, биыл пайдалануға берілетін №2 көшенің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Отау строй» тарапынан атқарылуда. Қазіргі уақыта жасалынып жатқан жұмыстардың 80 %-ы аяқталған.

Сондай-ақ, «Ақжол» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан №10 көшенің де 60 % жұмыстары орындалды. Жалпы жыл соңына дейін 6 көшенің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропалық комиссия мен Молдова Республикасының Үкіметі бірлесіп...

Қарағанды облысының қалалары мен аудандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындалуда. Дайындық аясында мерейтойға арналған...