Абай ауданындағы санитарлық тазалық жұмыстары

Абай ауданындағы санитарлық тазалық жұмыстары

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында көпқабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, қураған ағаштар, қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан аумағында жалпы 258 аула орналасқан. Қазіргі таңда Республика, Ю.Гагарин, Ғ.Иляеев көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары тазартылды. Аталған жұмыстар күнделікті жалғасып, бекітілген кестеге сәйкес, атқарылуда.

Тазалық іс-шараларына «Ақсемсер-Стройсервис» ЖШС-ның 12 техникасы мен 78 қызметкері жұмылдырылған.

Сонымен қатар, аулалардағы шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынып, аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлім тарапынан қадағалануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау жұмыстарын қайта бастады. Жобаны іске асыру...

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропалық комиссия мен Молдова Республикасының Үкіметі бірлесіп...

Қарағанды облысының қалалары мен аудандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындалуда. Дайындық аясында мерейтойға арналған...