Шымкентте балаларға арналған жаңа ойын алаңдары бой көтеруде

Шымкентте балаларға арналған жаңа ойын алаңдары бой көтеруде

Шымкент қаласының аудан аумақтарында балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Қазіргі таңда Абай ауданының «Достық» және «Нұршуақ» шағынауданында жаңа балалар ойын алаңшаларының құрылысы басталды. Аталған жоба екі мердігер мекеме – «Агат-7» және «Бадам Кум LTD» тарапынан жүзеге асырылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Аулаларды абаттандыру жұмыстары балалардың бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ, ауданның инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған.

Айта кетсек, аудан аумағында биыл балалалар ойын алаңшалары Көкбұлақ, Бозарық, Асар-2, Қайнарбұлақ, Самал-3 шағынаудандарында және басқа да тұрғын алаптарда орнатылады. Әлеуметтік жоба аясында балалар үшін қауіпсіз, жайлы және заманауи ойын алаңдары салынып, бұл жұмыстар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...