Шымкентте №5 жаңа автобус бағыты іске қосылды

Шымкентте №5 жаңа автобус бағыты іске қосылды

Бүгіннен бастап Шымкентте жаңа №5 автобус маршруты бағытқа шықты. Бұл жұмыстар қоғамдық көліктер қызметінің аясын кеңейту мақсатында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған маршрут Құрсай шағынауданынан Республика даңғылына дейінгі аралықта жолаушыларды тасымалдайтын болады. Әзірге маршрут 4 кестемен 15 минуттык аралық жиілігімен қызмет көрсетеді және қажеттілікке қарай автобустар санын арттыру жоспарлануда.

Айта кетейік, бұл маршрут 2 ай бойы пилоттық режимде жұмыс істейді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 81 тұрақты маршрут бойынша 980 автобус жолаушыларды тасымалдап, қызмет көрсетуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...

Премьер-министр Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына...