Түркістан облысының 2000-нан астам оқушысы «IQanat» олимпиадасына қатысады

Түркістан облысының 2000-нан астам оқушысы «IQanat» олимпиадасына қатысады
Түркістан облысының 2000-нан астам ауыл оқушысы республикалық «IQanat» Олимпиадасына қатысады. Бірінші турдан сәтті өткен білімділер Қазақстан бойынша ақтық сынға өткен 1000 оқушының қатарына ену үшін 3 күн бойы тістілеуден өтпек, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
 
Биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі – «Peer-to-Peer» жобасы болмақ. Жаңа бастама нәтижесінде, жоғары сынып оқушылары мен «IQanat» түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі. Айта кетейік, емтиханға қатысушылар тек тестілеуге ғана қатысып қоймай, тренинг, квест секілді командалық ойындар мен шараларға қатысады. Балаларға 11 тәлімгер мен «IQanat» жобасының 7 қатысушысы көмектеспек.
«IQanat» олимпиадасы - жыл сайын ауылдардан 50 000-нан астам 8-сынып оқушылары қатысатын ауқымды жоба. Олимпиада қатысушыларының 70%-ы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. Жобада жеңімпаз атанған оқушылар Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтан өтуге мүмкіндік алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...