Биыл сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға жеткізу жоспарда бар

Биыл сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға жеткізу жоспарда бар
Еңбек нарығының 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілуімен «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді. Бұл –өңірдегі медианалық еңбекақыдан жоғары жалақымен қатар негізгі әлеуметтік пакеті және қауіпсіз жұмыс ортасы бар 6 айдан астам тұрақты жұмыс орны. Еңбек нарығында осындай позициялар неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым тиімді дамиды. Макроөңірлердің ерекшелігін ескере отырып, экономиканың негізгі секторларын индустриаландыру, инфрақұрылымды озыңқы нығайту, ШОБ  пен отандық тауар өндірушілерді одан әрі дамыту сапалы жұмыспен қамту өсуінің негізгі драйвері болуға тиіс. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов...

Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа...