200 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды

200 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды
Жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру әрі іске асыру – Еңбек министрлігі қызметінің басты бағыттарының бірі. Жұмыспен қамту шаралары еңбек ресурстарын кәсіптік оқыту, олардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдем беру және оларға еңбек дағдыларын беру немесе сақтауды көздейді. Биыл бұл шараларға 277 мыңға жуық адамды тарту көзделуде. 2025 жылдың алғашқы 6 айында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 200 мыңға жуық адам тартылды. Бұл жайлы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов...

Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа...