Шымкент: Стартап жобалар серпін ала бастады

Шымкент: Стартап жобалар серпін ала бастады

Бүгінде Шымкентте «Төлем», «Алақан» биометриясы, QazTracker , тағы басқа IT жобалары дамытылып, тұрғындар арасында танымал бола бастады. «Shymkent HUB – мүмкіндіктер алаңы» атты форумда жастар, дарынды азаматтар стартап жобаларын таныстырған болатын. Бәрінің де идеясы тартымды, жобаларының әлеуеті зор. Қазіргі уақытта қалада көптеген салаларда IT стартап жобалар жасалып жатыр. Ересектер, студенттер, оқушылар, жалпы IT саласына қызығушылығы бар кез келген тұрғын өз жобасын дамытуға мүмкіндік алған.

Шаһарда цифрландыру саласында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Қаладағы жол қозғалысын басқару жүйесі, автожолдардың сапасын бақылау, жасыл кеңістіктердің сандық есебі, электронды үкімет, мобильді байланысты жақсарту, талшықты оптика желісімен қамту, әлеуметтік салаларды цифрландыру бойынша көптеген жобалар, жаңа жүйелер енгізілді. Қазір барлық салаға ақпараттық жүйені енгізу – басты назарда тұр.

Бәрі де идеядан басталады. IT саласында тыңнан түрен салып, өз жобаларын дамытқысы келетіндер де көп. Қазір бәсекенің заманы. Нарықта бәрі де көшбасшы болып, өз брендін қалыптастыруды қалайды. Қазіргі уақытта Шымкент жастары  креативті ойларын іс жүзінде жүзеге асырып жатыр. Стартап жобаларын танымал компанияға айналдырғандар да жетерлік. Бұл ретте «Төлем», «Алақан» биометриясын атап өтуге болады. Ауыл шаруашылығы саласын оңтайландыру бағытындағы QazTracker жобасы да осы хабтың ғимаратында отырып, өз жобаларының ауқымын кеңейтуде. «Төлем» компаниясы да білім саласында интеграциялық жобасымен көпке танылып үлгерді.

Шымкентте цифрлық инновациялар тек технологиялық орталарда ғана емес, күнделікті өмірде де көрініс табуда. Қалалық қызметтерді оңтайландырудан бастап, денсаулық сақтау, білім беру, көлік және экология салаларында да IT шешімдер кеңінен енуде. Жас программистер мен инженерлер заманауи қажеттіліктерге жауап беретін мобильді қосымшалар мен платформалар жасап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосуда. Қала әкімдігі мен жеке сектор арасындағы серіктестік те цифрлық жобалардың табысты жүзеге асуына ықпал етуде. Осылайша, Шымкент заманауи технологияларды өмірге икемдей алған ірі қалалардың біріне айналуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов...

Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа...