«Қолөнершілер қалашығы» кешені іске қосылады

«Қолөнершілер қалашығы» кешені іске қосылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында бой көтеріп жатқан әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылыс барысымен танысты. Аралау барысында қыркүйек айында пайдалануға берілетін «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің жай-күйіне ерекше назар аударылды.

Жобаның жалпы аумағы 2,3 гектарды құрайды, ал құрылыс жұмыстары 1,5 гектар аумақты қамтып отыр. Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Мұнда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Сонымен қатар, өңірлік ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысына сәйкес арнайы брендтік каталог әзірленіп, соның негізінде ұлттық кәдесыйлар нарыққа шығарылатын болады.

Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс нысанын аралау барысында «Қолөнершілер қалашығы» қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін дәріптеп, отандық және шетелдік туристер үшін тартымды мәдени орталыққа айналуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ жауапты сала мамандарына құрылыс сапасын арттыру, мерзімді қатаң сақтау және кешенді мазмұндық тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Түркістан қаласына «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің келісімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілді. Маңызды мәртебе аясында қыркүйектің 26-28 күндері халықаралық деңгейдегі– «ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» халықаралық фестивалі өтеді деп күтілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енді. Бұл туралы Түркістан...

По поручению Главы государства, в Туркестанской области стартовало строительство важной 102-километровой объездной дороги города Сарыагаш. Новая...

Общие принципы Личная безопасность - приоритет. Категорически ЗАПРЕЩЕНО: прикасаться к подозрительным предметам, самостоятельно задерживать подозреваемых лиц. Все действия...

ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының өкілдері қатысуымен өткен шарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер — Әзербайжан,...