Бостандық ауданында ескі үйлер жаңа келбетке ие болуда

Бостандық ауданында ескі үйлер жаңа келбетке ие болуда

Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба қаладағы бірыңғай сәулеттік стильді қалыптастыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Биыл аудан бойынша 67 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жоспарланған. Жаңғырту жұмыстары Тимирязев, Абай, Сәтбаев, Розыбакиев, Жандосов, Масанчи және басқа да негізгі көшелерді қамтиды. Қазіргі таңда 24 үйде жөндеу аяқталуға жақын, ал тағы 23 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Жобада заманауи әрі сапалы материалдар қолданылуда. Атап айтқанда, травертин, табиғи гранит және алюминий композиттік панельдер пайдаланылады. Сонымен қатар кей үйлерде шатырлар жаңартылып, су ағызу жүйелері орнатылуда. Бұл әсіресе ұзақ жыл пайдаланылған ғимараттардағы тозу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында тек қасбеттер жөнделіп қана қоймай, балкондар мен кіреберістер бірыңғай дизайн-кодқа сәйкестендіріліп жатыр. Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға да ерекше назар аударылған.

Тұрғындардың айтуынша, жаңарту жұмыстары үйлердің сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартып, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін арттырған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің...

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...