«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысының бірқатар өңірлерінде жастардың қатысуымен тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ұлытау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Сәтбаев қаласында «Таза қала – жарқын болашақ» атты жастар челленджі өтті. Іс-шара барысында жастар қала тазалығын сақтаудың маңыздылығын насихаттап, қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырды. Қатысушылар «Таза орта – жарқын болашақ!», «Тазалық өзімізден басталады» ұрандарын қолдап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында белсенділік танытты.

Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аллея» челленджі ұйымдастырылды. Шара барысында жастар аллея аумағын тазалап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты. 

Экологиялық акциялардың негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дәріптеу және қоғам назарын тазалық мәселесіне аудару.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты оң даму динамикасын көрсетуде. 2026 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206...

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту...