Заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру кездесуі өтті

Заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру кездесуі өтті

«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында Әл-Фараби аудан прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №69 мекемесінде сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында сотталғандарға заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі, қайта қылмыс жасаудың құқықтық салдары және оның жауапкершілігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда жаза түрі мен мерзімінің қатаңдатылатыны, бұл өз кезегінде олардың құқықтық жағдайына кері әсер ететіні атап өтілді.
Іс-шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық түсіндірулер берілді.
Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу және олардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру.
Аталған бағыттағы түсіндіру және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты оң даму динамикасын көрсетуде. 2026 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206...

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзі, деп...

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Президенттің агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығының...