2026 жылдың 4 ай мерзіміндегі Түркістан облысында орын алған интернет-алаяқтық оқиғалар

2026 жылдың 4 ай мерзіміндегі Түркістан облысында орын алған интернет-алаяқтық оқиғалар

2026 жылдың 4 айында  Түркістан облысында интернет-алаяқтық 213 қылмыстық іс тіркелген. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (239) интернет алаяқтық фактілері 10%-ға төмендегенін көрсетеді.

Қала және аудандарға бөлгенде келесі көрініс орын табады: Түркістан қаласында  - 55 (48), Кентау қаласында-28 (34), Жетісай ауданында – 23 (22), Сайрам ауданында – 22 (17), Сарыағаш ауданында – 21 (30), Сауран ауданында – 11 (2), Түлкібас ауданында – 10 (12),  Төлеби ауданында – 9 (12), Қазығұрт ауданында – 6 (18), Ордабасы ауданында– 6 (11), Мақтаарал ауданында – 4 ( 7), Келес ауданында – 3 (4),  Созақ ауданында – 3 (7), Отырар ауданында – 1 (4), Бәйдібек ауданында – 1 (4) оқиғадан тіркелді.                                                                                                

Қазіргі таңда кең таралған интернет-алаяқтық түрлері мыналар:

  • Банк немесе басқа орган қызметкері ретінде хабарласып сеніміне кіру;
  • Ақшаны қолма-қол айналдыру;
  • Инвестиция немесе ақша қаражатын көбейту;
  • Тауарға немесе қызметке алдын ала төлеу;
  • Мессенджер арқылы танысы ретінде қарызға ақша сұрау;
  • Тұрғындарға ұялы байланыс операторының атынан хабарласып, олардың сеніміне кіріп құпия кодпен жеке деректеріне қол жеткізу арқылы жәбірленушілердің атына несие рәсімдеу.

 Ескеру қажет, банк қызметкерлері ешқашан өздері хабарласып, Сіздің жеке есепшот деректері мен ұялы телефоныңызға келген құпия код цифрларын сұрамайды.

Осыған байланысты, интернет-алаяқтарға алданбау үшін, әрбір шалынған қоңырауларға, келіп түскен СМС-хабарламаларға мұқият болуға және күдік келтіретін хабарламалар мен жарнамаларға сенбеуге кеңес береміз.

Қазақстан Республикасы

                                                                 Бас прокуратурасының

                                                                 Құқықтық статистика және

                                                                 арнайы еспке алу жөніндегі

                                                                           комитетінің Түркістан облысы

                                                                           бойынша департаменті

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты оң даму динамикасын көрсетуде. 2026 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206...

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту...