Бүгінде дүкен сөрелері негізінен шетелдік өнімдерге толы. Біз тіпті Қазақстанда да сапалы әрі заманауи косметика жасалуы мүмкін екеніне мән берместен, шетелдік сусабындарды, кремдер мен күтім құралдарын сатып алуға үйреніп қалғанбыз. Дегенмен, формула әзірлеуден бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі бүкіл үрдісті ел ішінде жүзеге асыратын отандық брендтер әлі де некен-саяқ.
Осындай санаулы мысалдардың бірі – ASIYA бренді.

ASIYA – жай ғана қазақстандық косметика емес. Бұл – бастан-аяқ Қазақстанда жасалатын ұлттық бренд. Өнімдер Алматыдағы жеке Telli Öndiris кәсіпорнында әзірленіп, өндіріледі. Осының арқасында өндірістің әрбір кезеңін бақылауда ұстап, дайын өнімнің сапасына кепілдік беріледі.
Соңғы жылдары отандық өндірісті дамыту мәселесі барған сайын өзекті болуда. Қазақстанға импорттық өнімдерді алмастырып қана қоймай, жергілікті өндірушілерге деген сенімге негізделген тұтынудың жаңа мәдениетін қалыптастыра алатын бәсекеге қабілетті өз брендтері қажет.

ASIYA тарихы бренд пайда болған уақыттан әлдеқайда бұрын басталған. Осыдан 18 жылға жуық уақыт бұрын TELLI мамандары елде алғашқылардың бірі болып тұтынушыларға табиғи қоспа, құрамдас бөліктердің қасиеттері және зиянсыз әрі қауіпсіз косметиканың маңыздылығы туралы айта отырып, саналы күтім мәдениетін насихаттай бастады. Осы жылдар ішінде қазақстандық сатып алушылардың сұранысы мен аймақтық ерекшеліктерді терең зерделеуге мүмкіндік берген бірегей тәжірибе жинақталды.
Дәл осыған байланысты ASIYA косметикасы Орталық Азияның климаттық жағдайын, адамдардың өмір салтын және жергілікті экологияның ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді. Өнімнің негізінде табиғи қоспалар, заманауи технологиялар және қатаң сапа стандарттарының үйлесімі жатыр.
Бренд философиясы да ерекше мәнге ие екенін атап өткен жөн. Бұл тұрғыда ASIYA атауы ұлттық құндылықтарға, тарихи жадыға әрі мәдени мұраға деген құрметті айшықтайды. Өз болмысымызды сақтау идеялары мен Қазақстан мақтана алатындай өнімдер жасауға деген ұмтылыс –брендтің басты шабыт көзі.

ASIYA-ның негізін қалаушы, эколог әрі қоғам қайраткері Әсел Тасмағамбетованың айтуынша, бүгінде компания дамудың жаңа кезеңіне өтуде:
«Соңғы үш жылда біз идеядан бастап Telli Öndiris зауытында өз косметикамызды өндіруге дейінгі жолдан өттік. Біз үшін Қазақстанда әлемдік деңгейдегі сапалы косметикалық өнім жасауға болатынын дәлелдеу маңызды болды. Қыркүйекте жаңа өнімдерді – қол мен аяққа арналған кремдерді, сондай-ақ бет күтіміне арналған кремдер желісін іске қоспақпыз. Әрбір өнім мұқият әзірленіп, толық сынақтан өткізіледі әрі ұзақ жетілдіру сатысынан өтеді. Бұның бәрінің артында қазақстандық брендтер шетелдік өнімдерден кем түспей, бәсекелес бола алатынына сенетін үлкен команданың жұмысы тұр», – деп атап өтті Әсел Тасмағамбетова.
Бүгінде ASIYA өнімдерін таңдау – тек сапалы косметиканы таңдау ғана емес. Бұл – ел ішінде қосылған құн тудыратын, өндірісті дамытуға инвестиция салатын, жұмыс орындарын ашатын және Қазақстан экономикасын нығайтуға үлес қосатын отандық өндірушіні қолдау.

Шетелдік брендтер үстемдік етіп отырған нарықтық жағдайда ASIYA Қазақстанның заманауи талаптарға сай, жоғары сапалы өз өнімдерін шығаруға қауқарлы екенін айқын көрсетіп отыр. Бұл – ұлттық брендтің отандық өндірушіге деген шынайы сенім мен нағыз сапаның символына айналуының жарқын мысалы.
ASIYA – тек сұлулық құралы емес. Бұл - Қазақстанда қазақстандықтар үшін жасалған өнім. Мақтануға тұрарлық ұлттық бренд.

