Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды No-comment.kz – Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «QH – балаларды үй жағдайында оңалту» жобасының ауқымын кеңейтуді...

20 қарашада Астанада өткен Digital Tañba 2026 форумы аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «ADAL TAUAR» кәсіпкерлер...