«Заң мен тәртіп»: Еңбекші ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

«Заң мен тәртіп»: Еңбекші ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

Еңбекші ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында қала тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың көтерген сұрақтарына заң талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер ұсынылды.
Акция аясында 70-ке жуық азамат қабылданып, әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, қажетті құқықтық қолдауға ие болды.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған.
Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «QH – балаларды үй жағдайында оңалту» жобасының ауқымын кеңейтуді...

20 қарашада Астанада өткен Digital Tañba 2026 форумы аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «ADAL TAUAR» кәсіпкерлер...