Премьер-министрдің бірінші орынбасары CATL компаниясының басшылығымен кездесті

Премьер-министрдің бірінші орынбасары CATL компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев CATL компаниясының делегациясымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанда минералдық шикізатты терең өңдеу, аккумуляторлық батареялар, энергия жинақтау жүйелерінің өндірісі және пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеу салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Үкіметі жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға және қосылған құны жоғары өнім шығаратын жетекші халықаралық компаниялармен ұзақмерзімді әріптестікті кеңейтуге ерекше мән беретінін атап өтті. 

Тараптар шикізатты өңдеуден бастап аккумуляторлар мен энергия жинақтау жүйелерін өндіруге, сондай-ақ пайдаланылған батареяларды қайта өңдеуге дейінгі толық өндірістік тізбекті қалыптастыру мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара мүдделілігін растады.

Анықтама:

«CATL» – электр көліктеріне арналған аккумуляторлар мен энергия жинақтау жүйелерін өндіру бойынша әлемдегі жетекші компания. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның аккумуляторлық өнімдерді өткізу көлемі 661 ГВт·сағ-қа жетіп, түсімі $62,2 млрд, ал таза пайдасы $10,6 млрд-ты құрады. Компания электр көліктеріне арналған аккумуляторларды жеткізу бойынша қатарынан тоғызыншы жыл, ал энергия жинақтау жүйелері бойынша қатарынан бесінші жыл әлемдік көшбасшылықты сақтап келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы...

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау мәселелері...

Қазақстанда медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл қарапайым бинттер мен шприцтерден...

Түркістан қаласының экономикалық дамуы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолайлы жағдай қалыптастырумен тығыз байланысты. Шағын және орта бизнес...