ШҚО-да лагерь тәрбиеленушілеріне профилактикалық шара өткізілді

ШҚО-да лагерь тәрбиеленушілеріне профилактикалық шара өткізілді

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында "Дарын" лагерінде спортты, танымдық әңгімелерді және пайдалы ақпаратты ұштастырған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Тәрбиеленушілермен Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі Эльмира Нұрсейітова кездесті. Кездесу барысында жастарға салауатты өмір салтының маңыздылығы, дұрыс шешім қабылдаудың жауапкершілігі және спорттың мақсатқа жетуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға көмектесетіні туралы айтылды.

Кинологиялық қызметтің көрсетілімі балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Полицейлер қызметтік иттердің жұмысы туралы әңгімелеп, кейін төрт аяқты көмекшілер өздерінің іздестіру және командаларды орындау дағдыларын көрсетті. Көрсетілім іс-шараның ең әсерлі бөлімдерінің біріне айналып, тәрбиеленушілерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Одан кейін қатысушылар спорттық эстафеталарға қатысып, жылдамдықтарын, ептіліктерін және командалық рухтарын көрсетті. Жеңімпаздар мен белсенді тәрбиеленушілер "Желден жүйрік", "Ең епті" және "Ең спортшы" номинациялары бойынша марапатталды.

Мұндай іс-шаралар жастардың бойында дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастырып, спорттың дені сау әрі табысты болашаққа бастайтын жол екенін көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы...

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау мәселелері...

Қазақстанда медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл қарапайым бинттер мен шприцтерден...

Түркістан қаласының экономикалық дамуы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолайлы жағдай қалыптастырумен тығыз байланысты. Шағын және орта бизнес...