Қазақстандық бітімгерлер Сирияның Хан-Арнаба қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті

Қазақстандық бітімгерлер Сирияның Хан-Арнаба қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштері (UNDOF) құрамында қызмет атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ миссиясының далалық госпиталінің медицина қызметкерлерімен және Сирия Араб Республикасының денсаулық сақтау саласының мамандарымен бірлесіп гуманитарлық медициналық акция өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Акция аясында дәрігерлер Эль-Кунейтра провинциясындағы Хан-Арнаба қаласының тұрғындарын амбулаториялық қабылдаудан өткізді. Медициналық тексеру нәтижесінде тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, одан әрі ем қабылдау бойынша ұсынымдар берілді. Әсіресе балаларға, егде жастағы адамдарға және тұрақты медициналық бақылау мен сүйемелдеуді қажет ететін азаматтарға ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстандық бітімгерлердің, БҰҰ миссиясының далалық госпиталі медицина қызметкерлерінің және сириялық мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесінде тұрғындар уақытылы әрі білікті медициналық көмек алды. Хан-Арнаба қаласының тұрғындары қазақстандық бітімгерлер мен медицина қызметкерлеріне кәсібилігі, қамқорлығы және жанашырлығы үшін алғыс білдірді.

Мұндай гуманитарлық іс-шаралар бітімгерлер мен жергілікті халық арасындағы өзара байланысты нығайтып, БҰҰ миссиясының қызметіне деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы...

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау мәселелері...

Қазақстанда медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл қарапайым бинттер мен шприцтерден...

Түркістан қаласының экономикалық дамуы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолайлы жағдай қалыптастырумен тығыз байланысты. Шағын және орта бизнес...