Шымкент саябақтарында тұрғындарға арналған өнер кештері өтті

Шымкент саябақтарында тұрғындарға арналған өнер кештері өтті

Шымкент қаласында дәстүрлі «Шымқала кештері» концерттік бағдарламасы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени кештер ұйымдастырылды. 27–28 маусым күндері өткен іс-шаралар Этноауыл алаңы, City Park саябағы, «Арбат» демалыс аймағы және «Жапон» саябағында өтті.

Бағдарламаның алғашқы күні Этноауыл алаңы мен City Park саябағында «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен Жастар театрының әртістері сахнаға шығып, көпшілікке ән мен театр өнерінен әсерлі қойылымдар ұсынды.

Ал 28 маусым күні «Арбат» демалыс аймағы мен «Жапон» саябағында «Шымкент концерт» концерттік ұйымының шығармашылық ұжымы және Шымкент циркінің әртістері өнер көрсетіп, көрермендерді қызықты бағдарламамен қуантты.

Концерт барысында эстрадалық шырқалып, театрландырылған көріністер қойылды. Сонымен қатар, балалар мен ересектерге арналған цирктік қойылымдар ұсынылып, жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.

Ашық аспан астында өткен мәдени бағдарламалар тұрғындардың демалысын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік беріп, қала саябақтарын шаттық пен мерекелік көңіл күйге бөледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ