Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді
Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 29 маусымдағы жағдай бойынша болжанған 2,1 млн гектардың 1,5 млн гектары немесе 70%-ы өңделді. Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары уақтылы әрі толық көлемде жоспарға сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ҚР АШМ АӨК-дегі Мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығы Атырау және Маңғыстау облыстарында іс шаралар барысын бақылау жұмыстарын қолға алуда.

Биыл 2,2 млн гектар алқапты өңдеу жоспарланған. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 30%-ға аз. Мұндай нәтижеге Үкіметтің қолдауымен жүргізілген кешенді жұмыстардың және өсімдіктерді қорғау жүйесінің едәуір жетілдірілуінің арқасында қол жеткізілді. Атап айтқанда, қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, соның нәтижесінде сатып алу үдерістері орталықтандырылып, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі артты.

Сондай-ақ желдеткіш бүріккіштердің өнімділік нормасы қайта қаралып, 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді. Соның арқасында жұмылдырылған техника саны 556 бірлікке жетіп, 2025 жылмен салыстырғанда 25%-ға артты.

Бұдан бөлек, фитосанитариялық қызметтің техникалық паркі жаңартылып, 103 дрон сатып алынды. Оның 57-сі мониторингтік зерттеу жұмыстарына, ал 46-сы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған.

Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «FITOCENTRE» қосымшасы іске қосылды.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО)-мен бірлесіп цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға бағытталған серіктестік жоба жүзеге асырылуда.

Өңірлердегі жедел штабтар штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы...

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау мәселелері...

Қазақстанда медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл қарапайым бинттер мен шприцтерден...

Түркістан қаласының экономикалық дамуы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолайлы жағдай қалыптастырумен тығыз байланысты. Шағын және орта бизнес...