Шымкентте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде

Шымкентте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде

Шымкент қаласында кәсіпкерлік қызметті дамыту ғана емес, бизнес өкілдерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне де басымдық беріліп келеді. Мемлекеттік органдар мен Кәсіпкерлер палатасының өзара іс-қимылы нәтижесінде кәсіпкерлердің өтініштері жедел қаралып, туындаған мәселелерді заң аясында шешу тәжірибесі қалыптасуда. Бұл өз кезегінде өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартып, кәсіпкерлердің мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Осы бағыттағы нақты мысалдардың бірі – Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында қала прокуратурасының үйлестіруімен өткен жұмыс кездесуі. Жиында «Jet Sharing» компаниясы басшылығы көтерген мәселе қаралды. Кәсіпкер компанияға тиесілі электр самокаттарының мамандандырылған тұраққа негізсіз жеткізілгеніне байланысты өз құқықтарының бұзылғанын айтып, тиісті органдардан мәселені заң аясында қарауды сұраған.

Кездесуге Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының логистика және тасымалдау департаментінің өкілдері, қалалық прокуратура, Полиция департаменті, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, сондай-ақ компания өкілдері қатысты. Тараптар мәселені жан-жақты талқылап, қолданыстағы заңнама талаптары негізінде шешу жолдарын қарастырды.

Талқылау қорытындысында «Jet Sharing» серіктестігіне тиесілі мамандандырылған тұрақтағы барлық электр самокаттары кәсіпкерге толық көлемде қайтарылды. Осылайша кәсіпкердің өтініші оң шешімін тауып, оның мүліктік құқығы қорғалды. Компания басшылығы мәселенің заң аясында қаралып, қысқа мерзімде шешілгені үшін мемлекеттік органдар мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Жиын барысында тек нақты мәселе ғана емес, электр самокаттарын пайдалану мәдениетін қалыптастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала аумағында микромобильді көлік құралдарының қозғалысын тиімді реттеу мәселелері де талқыланды. Қатысушылар жаңа технологиялардың дамуына байланысты құқықтық реттеуді жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар тараптар 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін заңнамадағы өзгерістерді кеңінен түсіндіру қажеттігін атап өтті. Жаңа талаптарды тұрғындар мен кәсіпкерлерге жан-жақты жеткізу, қауіпсіздік қағидаларын сақтау және мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру жөнінде келісімге келді.

Шымкент қаласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған мұндай жұмыстар қолайлы бизнес ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы ашық диалогтың нығаюы заң үстемдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуына және инвестициялық тартымдылықтың артуына оң ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...